NFC 27 турнирінің тікелей трансляциясы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз24 желтоқсанда Алматыда аралас жекпе-жектен (ММА) Naiza Fighting Championship қазақстандық промоушны ұйымдастырған NFC 27 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқы кард жекпе-жектері Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 19:00-де, басты кард 21:30-да басталады.
Кештің басты жекпе-жегінде М-1 Global тұжырымының уақытша әлем чемпионы (56 келі) Асу Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасыұлымен кездеседі. Бұл жекпе-жекте NFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.
Негізгі және бастапқы кард жекпе-жектері:
Басты кард
Сержио Соуза vs Мурад Абдурахманов
Николай Самусев vs Ильяс Чынгызбек уулу
Магомед Кабардиев vs Беймурат Ниязов
Әділбек Қайырғали vs Бахромжон Машрапов
Прелимдер
Ильдар Құдайбергенов vs Данияр Сынасап
Мирас Мұхаметжан vs Мансур Шахгиреев
Үтікжан Союзов vs Дастан Амангелді
Айжарық Қадірбаев vs Болат Заманбеков
NFC 27 серіктесі - 1XBET компаниясы
NFC 27 серіктесі – UNDERDOG спорт агенттігі
NFC 27 серіктесі – UNO сауда маркасы
NFC 27 турнирінің тікелей трансляциясы Naiza TV youtube-арнасында 19.00-де басталады.