Дзюдо

Зере Бектасқызы: Індет кезінде жарысты жоғары деңгейде өткізу үлкен абырой

Зере Бектасқызы: Індет кезінде жарысты жоғары деңгейде өткізу үлкен абырой
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Ақтауда өткен Қазақстан біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта топ жарған Зере Бектасқызы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ұзақ үзілістен кейінгі доданы қорытындылады.

«Көптен бері жарысқа шықпағанымыз байқалып тұрды. Өйткені, пандемияға байланысты барлық турнирлердің тоқтатылғанын білесіздер. Осы орайда, індет кезіндегі қиындықтарға қарамастан, ел чемпионатын абыроймен өткізген ұйымдастырушыларға рахмет айтамын.

Ал белдесулерге келетін болсам, жартылай финалдағы Жанар Қашқынмен өткен кездесу ауыр тиді. Қанша дегенмен, Жанар өте тәжірибелі спортшы. Оны жеңу оңай болған жоқ.

Финалда Түркістан облысының өкілі Перизат Жақыпбековадан басым түстім. Перизатпен дзюдодан бөлек, самбо күресінде де талай жолым түйіскен. Осы жолы есемді жібермедім. Бапкерлер өз стилімде күресіп шығуды тапсырған. Олардың айтқанын толығымен орындадым», - дейді Зере.

Айта кетелік, дзюдодан Қазақстан чемпионаты жылдың қорытынды жарыстарының бірі. Енді команда мүшелері қаңтарда өтетін Masters додасына дайындалуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер