Қысқы

World Triathlon келесі жылдың жарыс күнтізбесіне бірқатар өзгеріс енгізді

World Triathlon келесі жылдың жарыс күнтізбесіне бірқатар өзгеріс енгізді
news-banner7
mobile-news-top

World Triathlon келесі жылдың жарыс күнтізбесіне бірқатар толықтырулар енгізді деп хабарлайды Olympic.kz

2020 жылдың қазанына жоспарлаған Миядзакидегі әлем кубогі кезеңі 2021 жылға ауыстырылған болатын. Енді жапон қаласы бір жылда екі кезеңді қабылдайды. Атап айтар болсақ, 20-21 наурыз және 23-24 қазанда әлем кубогі кезеңдерін өткізеді.

Сондай-ақ, Қытайдың Вейхай қаласындағы жарыстың өтетін мерзімі 2021 жылдың 25-26 қыркүйегіне бекітілді.

2021 жылы триатлоннан өтетін әлем кубогінің кестесі:

Мияздаки (Жапония), 20-21 наурыз

Уатулько (Мексика), 17-18 сәуір

Осака (Жапония), 8-9 мамыр

Арзакена (Италия), 29-30 мамыр

Хэундэ (Оңтүстік Корея), 3-4 маусым

Карловы Вары (Чехия), 11-12 қыркүйек

Вэйхай (Қытай), 25-26 қыркүйек

Миядзаки (Жапония), 23-24 қазан

Тхонъён (Оңтүстік Корея), 30-31 қазан.

Келесі жылы Австралия, Жаңа Зеландия мен Испаниядағы әлем кубогі кезеңдері пандемияға байланысты өтпейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер