Әлем футболы

Месси Пеленің рекордын бұзды

Месси Пеленің рекордын бұзды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 15-турының «Вальядолидпен» матчында (3:0) маңызды статистикалық жетістікпен ерекшеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Squawka Twitter-де жазғанындай, Лионель Месси кездесудің 65-минутында «Валадолидт» қақпасына доп соғып, бір клубтағы гол саны бойынша аты аңызға айналған бразилиялық Пеленің рекордын басып озды. Енді 33 жастағы аргентиналықтың есебінде 644 гол бар, ал Пеледе 643 гол бар.

2020/2021 маусымында Лионель Месси барлық турнирлерде «Барселона» сапында 18 кездесуде 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер