Командалық

Баскетболдан Азия кубогын қабылдайтын ел анықталды

Баскетболдан Азия кубогын қабылдайтын ел анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық баскетбол федерациясының аймақтық кеңсесі 2021 жылы баскетболдан Азия кубогын қабылдайтын мемлекетті анықтады.

Аталған турнир Индонезияда, 16-28 тамыз аралығында өтеді. Финалдық кезеңде Азия мен Океанияның үздік 16 командасы бақ сынайды.

Еске сала кетейік, 21 және 24 ақпан күндері баскетболдан Қазақстан ұлттық командасы 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу матчтарын өткізді.

Өз жерімізде өткен алғашқы кездесуде біздің команда Палестинаны 79:76 есебімен ұтқан. Ал Иорданияға қарсы өткен екінші матч 68:71 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер