Дзюдо

Жансай Смағұлов: Менің салмағымда бәсекелестік өте жоғары болды

Жансай Смағұлов: Менің салмағымда бәсекелестік өте жоғары болды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан чемпионы Жансай Смағұлов Ақтаудағы ел біріншілігін қорытындылап, Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді.

"Ұлттық чемпионат өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балуандар бірнеше айдан бері күрессіз отырғасын, жарысты сағынып қалғаны байқалады. Менің салмағымдағы бәсекелестік мықты болғанын мойындаймын.

73 келідегі жігіттерден бөлек, 66 келіде үздік атанып жүрген екі дзюдошы бақ сынады. Сондықтан, әрбір белдесуде жеңіске жету оңайға түскен жоқ. Көпшілік балуандар індет кезінде салмақ өсіріп алған соң, жоғары салмақ дәрежелерінде күресті. Ал мен өзім көп салмақ қуған емеспін. Әдетте, 74-75 келіден әріге бармаймын.

Сол себепті, өзіме үйреншікті 73 келіде белдескенім дұрыс деп шештім. Өйткені, 81 келі мен үшін ауыр, жарақат алу қаупі жоғары. Чемпионаттағы нәтижеме көңілім толады. Жастар да бой көтеріп келе жатыр. Енді алдағы уақытта жақсы нәтижелерден үміттіміз", - дейді Смағұлов.

Жансай Смағұлов 73 келіде Қазақстан чемпионатының алтынын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер