Грек-рим күресі

Демеу Жадыраев: Карантинге қарамастан дайындалдық

Демеу Жадыраев: Карантинге қарамастан дайындалдық
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың көшбасшы балуаны Демеу Жадыраев Prosports.kz сайтына берген сұқбатында ел чемпионатына қатысты пікір білдірді.

Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясының салдарынан қараша айында Алматыда өтті. Демеу Жадыраев Олимпиада салмағына ауысып, ел чемпионы атанды.

– Ел чемпионатындағы өнеріңізді қалай бағалайсыз?

– Биылғы чемпионат бұрынғысынан ерекше болды деп айта алмаймын. Бәрі сол қалпында. Спортшылар да, бапкерлер де бұл жарысқа қызу дайындалып, бар өнерін көрсетті. Ал өзіме келер болсам, жақсы нәтиже көрсеттім деген ойдамын.

– Жарысқа қалай дайындалдыңыз? Карантиннің әсері болған шығар?

– Карантин бүкіл адамның өмірін өзгертіп жіберді. Бірақ соған қарамастан біз спортшыға тән өмір салтын өзгертпеуге тырыстық. Жаттығуды ештеңеге қарамастан жасадық. Тіпті, тар бөлмеден шықпай дайындалған кезім болды.

– Олимпиада мен Азия ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?

– Жарыстарға тыңғылықты дайындалуға тырысамыз. Өйткені бозкілемге шыққан сайын жанкүйердің сенімін ақтауымыз қажет.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер