Қысқы

Қазақстандық үш шорт-трекші карьерасын аяқтады

Қазақстандық үш шорт-трекші карьерасын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық командасының үш мүшесі спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Нұрберген Жұмағазиев пен Әлия Ким және Анастасия Крестовалар үлкен спортпен қош айтысқан.

«Бұған дейін ерлер мен әйелдер командасында алты спортшыдан болған. Қазіргі таңда олардың санын төртке дейін қысқарттық. Әзірге, құрамаға жаңадан келген спортшылар жоқ. Спортшылар қазан айының ортасынан бері жаттығу жиындарына қатысып жатыр. ISU 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдеріне қатысты мәлімдеме жасап, екі кубок додасының өтпейтінін хабарлады. Бірақ Нидерландтағы әлем чемпионаты әлі күнтізбеде тұр», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер