Волейболдан Ұлттық лига ойындары қаңтар айында өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан волейбол федерациясы Ұлттық лига кездесулері қашан жалғасатынын мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың үшінші айналымы 15-24 қаңтар аралығында Павлодарда өтеді. Ал ерлер арасындағы Ұлттық лига ойындары 20-29 қаңтар күндері Өскеменде өтеді деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, жарыс елдегі карантин шаралары жеңілдетіліп, құзырлы органдар рұқсат берген жағдайдаға ғана ұйымдастырылады.