Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының үздіктері белгілі

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының үздіктері белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионат аясында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сындар аяқталды.

Ерлер арасында алматылық Михаил Шайдаров топ жарды. Нұр-Сұлтан спортшысы Диас Жиренбаев күміспен күптелсе, Дмитрий Карупхин қола жүлдеге ие болды.

Ал әйелдер арасында Мария Гречания Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Ажар Жұмаханова екіеші орыннан көрінсе, Анастасия Лобанова үздік үштікті қорытындылады

. Айта кетерлігі, әйелдер арасында жеңіс тұғырына шыққан барлық спортшы Алматы қаласының спортшылары болып табылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер