Басқа

Бадминтоннан құрама жаттықтырушысы: Париж Олимпиадасына дайындалып жатырмыз

Бадминтоннан құрама жаттықтырушысы: Париж Олимпиадасына дайындалып жатырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте бадминтоннан Қазақстанның жекелей және командалық чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды. Команда бас бапкері Асқар Орманов ұзақ үзілістен кейін өткізілген турнирге өз бағасын берді.

"Шымкенттегі турнир ойдағыдай ұйымдастырылды. Ұзақ уақыттан бері кортқа шықпаса да, спортшылардың жаттығуды тоқтатпағаны көрініп тұр. Біз карантин кезінде де дайындықты үзген жоқпыз. Үй жағдайында оқшауланған шақта да жаттығудан бас тартпадық. Соның пайдасы тиді, әрине.

Спортшылар жақсы өнер көрсетті. Негізгі тартыс Қостанай облысы мен Шымкент командасының арасында өткенін айта кету керек. Әлемдегі жағдай тұрақталса, келесі жылы біраз жарысқа қатысып, жоспарларымызды жүзеге асырамыз деп ойлаймын.

Біздің негізгі мақсатымыз - 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындалу. Осы мақсат жолында тынбай жұмыс істейміз", - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер