Қысқы

Шаңғымен жарысудан Германиядағы әлем кубогы уақытылы өтеді

Шаңғымен жарысудан Германиядағы әлем кубогы уақытылы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

16 желтоқсан күні Германияда коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары қаталдады. Алайда, Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Дрездендегі әлем кубогы кезеңінің мерзімінде өткізілетінін мәлімдеді.

Шаңғымен жарысудан Дрездендегі әлем кубогы кезеңі 19-20 желтоқсанға жоспарланған.

«Шаңғымен жарысудан әлем кубогы кәсіби спорттық жарыс саналады. Сол себепті, ұлттық немесе аймақтық ережелердің күші жетпейді. Сондықтан, Дрездендегі әлем кубогі кезеңі мен «Тур де Ски» көпкүндігі белгіленген мерзімде өтеді», - делінген FIS хабарламасында.

Айта кетелік, коронавирус індетінен қауіптенген Норвегия, Швеция және Финляндия командалары желтоқсан айындағы жарыстардан бас тартты.

Сондай-ақ, коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия шешімімен Қазақстан командасы да әлем кубогының алғашқы кезеңдеріне қатыса алмайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер