Жеңіл атлетика

Қазақстанда төрешілерге арналған онлайн семинар өтеді

Қазақстанда төрешілерге арналған онлайн семинар өтеді
news-banner7
mobile-news-top

14 желтоқсан күні жеңіл атлетикадан төрешілерге арналған онлайн семинар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді. Федерация ұсынған ақпарат бойынша, онлайн семинарға 70 маман қатысуға ниет білдіріп, тіркелген.

Аталған семинардың мақсаты - төрешілердің шеберліктерін шыңдау. Семинарда федерацияның төрешілер корпусының басшысы Ольга Устьянцева дәріс оқиды.

Дәріс бағдарламасы:

- Төрешілік философиясы;

- Жүгіру спорты мен спорттық жүріс бойынша ереже бұзулар;

- Техиникалық түрлер бойынша ереже бұзулар;

- Ережелерге енгізілген өзгертулер;

Аталған онлайн семинар 16 желтоқсанға дейін жалғасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер