Басқа

Балжан Қойшыбаева: Біз үшін жаңа маусым көктемде басталады

Балжан Қойшыбаева: Біз үшін жаңа маусым көктемде басталады
news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы жылдың соңғы оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Осыған орай, команда капитаны Балжан Қойшыбаева Olympic.kz сайтына оқу-жаттығу жиынының қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.

"Оқу-жаттығу жиынына келіп, командаластарымызбен қауышқанымызға дән ризамыз. Осы уақытқа дейін жыл бойы бірге жүріп үйреніп қалыппыз. Ал биыл пандемияға байланысты командамен өте исрек кездесіп, бас қостық. Бұл біз үшін үйреншікті емес.

Ал оқу-жаттығу жиынына келер болсақ, құрама бапкерлері әдеттегідей жаттығу жоспарын дайындап қойған. Жиынға келген беттен жаттығуға кірісіп кеттік. Физикалық тұрғыдан шеберлігімізді шыңдап жатырмыз. Сондай-ақ, шыдамдылықты сақтап, жылдамдықты арттыру мақсатында арнайы жұмыстарды қолға алдық.

Бәрі жақсы болса, біз үшін жаңа маусым көктемде басталады. Жаттықтырушылардың айтуынша, жарыстар басталғанша тағы да бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - дейді регбиші Балжан Қойшыбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер