Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен жекелеген әлем кубогында үздік үш команда анықталды

Грек-рим күресінен жекелеген әлем кубогында үздік үш команда анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатын ауыстырған жекелеген әлем кубогы жалғасып жатыр. Кеше грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.

Жекелеген әлем кубогында жалпы есебі 10 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеті алтын жеңіп алған Ресей командасы көш бастады. Екінші орында 1 алтын, 3 күміс еншілеген Венгрия құрамасы орналасса, 2 алтын, 3 қола иеленген Беларусь командасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетелік, еліміздегі коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия шешімімен Сербиядағы әлем кубогына қатысқан жоқ.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер