Қысқы

Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін Мұз айдыны салынады

Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін Мұз айдыны салынады
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Үстел теннисі орталығы мен жыл он екі ай жұмыс істейтін Мұз айдыны салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында мәлім еткендей, өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың қаржысына салынатын бірқатар жоба қолдау тапты.

«Өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың есебінен салынатын бірқатар жоба қолдау тапты. Мәселен, Үстел теннисі спорт орталығының құрылысы. Бұдан бөлек, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған жабық мұз айдыны салынады. Бұл тек бұқаралық спорт түріне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша федерацияларымызды техникалық базамен қолдауға мүмкіндік береді. Спорт федерацияларымен кездесу барысында спортшылар нысандар бойынша, соның ішінде мұзда спортпен айналысу үшін сағаттардың жетіспеушілігі мәселелерін көтерген болатын.

Ат спорты кешенінде иппотерапия сабақтары жоспарланған. Бұл, балалардың сал ауруы диагнозы бар адамдарды қажетті сабақтармен қамтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп тұрған ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Кешен жабық манежден, мінбеден, алаңдардан тұрады. Ипподром базасын 3 бағыт бойынша дамытамыз: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау. Сонымен бірге туристік маршруттар-атпен серуендеу дамытылады», - дейді А.Көлгінов.

Қала басшысының айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт түрін насихаттау үшін бірқатар спорт нысаны ашылады.

«Кәсіби спорт федерацияларын қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар) салып, абаттандырамыз.

Инвестициялық кеңесте ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын зауыттың, білім беру нысандарының және т.б. құрылысын қолдадық. Пандемия кезінде жеке инвестицияларды тарту қарқыны төмендеген жоқ, керісінше артты. Қолдау тапқан жобалар бақылауда, әрбір инвестормен жеке жұмыс істейміз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер