Еркін күрес

Серікбаев: Балуандар Алматыдағы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Серікбаев: Балуандар Алматыдағы Азия чемпионатына дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда бас бапкері Әсет Серікбаев жиынға кімдердің шақырылғанын айтып, Сербиядағы әлем кубогінен неліктен сырт қалғанын түсіндірді.

«Оқу-жаттығу жиынына Қазақстан чемпионатында үздік үштікке іліккен балуандарды түгел шақырдық. Бір сөзбен айтқанда, жастар да, команда үздіктері де қазір сапта. Барлығы тынымсыз дайындалып жатыр.

Алдымызда үлкен жарыс – Азия чемпионаты күтіп тұр. Алматыда өтетін доданың бастаулына аз уақыт қалды. Ақпандағы құрлық біріншілігіне толыққанды дайындық жасап үлгеруіміз қажет. Сол себепті, балуандар 26 желтоқсанға дейін оқу-жаттығу жиынында болып, кейін аздаған үзіліс алады да, қайтадан дайындықты жалғастырады.

Ал Сербияда өтіп жатқан әлем кубогіне келер болсам, біздің бұл сынға қатысқымыз келді. Бірақ спортшылардың денсаулығы бірінші орында болғандықтан, басшылықтың шетелге шықпау туралы шектеуімен келісуге тура келді. Қазір балуандардың індеттен аман болуы біз үшін аса маңызды», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер