Футзал

«Атырау» футзалдан Қазақстан чемпионатының 19-турында «Нұр-Сұлтанға» есе жіберді

«Атырау» футзалдан Қазақстан чемпионатының 19-турында «Нұр-Сұлтанға» есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан чемпионатының үшінші айналымы «Атырау» мен «Нұр-Сұлтан» матчымен басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атыраулықтар ойынды сенімді бастаған - Талап Есениязов пен Эвертон гол соқты. Алайда үзіліске дейін елордалық ұжым есеп айырмасын қысқартып, екінші таймда жауапсыз үш гол соқты.

Осылайша, матч «Нұр-Сұлтанның» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

Астаналықтар осы жеңістен соң 21 ұпай жинап, бесінші орынға шықты. Ал атыраулық клубта 33 ұпай бар. Команда алдына «Ақтөбені» жіберіп алуы мүмкін.

«Атырау» – «Нұр-Сұлтан» 2:4 (2:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер