Футзал

«Мақсат - Чемпиондар лигасында топ жару»

«Мақсат - Чемпиондар лигасында топ жару»
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан «Қайрат» АФК және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Лео Игита денсаулығы туралы айтып, өзінің осы маусымдағы басты мақсатын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Лео, өзіңізді қалай сезінесіз? Тек суық тиді деп ойладыңыз ғой?

- Қазір өзімді қалыпты сезінемін. Құдайға шүкір, күн сайын өзімді жақсы сезінемін. Енді ауыра бастаған кезде, мен мұның ерекше нәрсе екенін бірден түсіндім. Уайымдап, тест тапсыруды өтіндім. Бірақ қазір бәрі жақсы, отбасымда бәрі сау.

- Коронавирус сынағының нәтижесін білгенде қатты қорықтыңыз ба?

- Мұны білгенде қатты қорықпадым, өйткені барлық қиын сәттер артта қалды.

- Дәрігерлер не дейді, жаттығуды қашан қайта бастауға болады?

- Нақты білмеймін. Карантин 19 желтоқсанда аяқталады. Мен оны соңына дейін сақтаймын, содан кейін екінші тест тапсырамын, артынша жаттығуды бастаймын деп үміттенемін.

- Сізсіз Қазақстан құрамасы Еуро-2022 іріктеуін бастады. Венгрияға қарсы ойнамағаныңыз үшін қынжылған боларсыз?

- Әрине, қатты өкіндім. Мен ұлттық құрамада ойнағанды ​​өте жақсы көремін, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар, бұл өте маңызды матч болды - Еуро-2022 іріктеу турнирінің басталуы. Бірақ амал не, қазір бүкіл әлемде жағдай ұқсас. Коронавирус салдарынан көптеген ойыншы матчтарға қатыспауға мәжбүр, бұл жағдайды қабылдау керек.

- Қазақстан чемпионатының екінші айналымында «Қайрат» қарсыластарын бірінен соң бірі тас-талқан етті. Мұның себебі неде?

- Иә, бірінші раундта біз бір рет тең түсіп, тағы бір матчта Савионың оң сынағының салдарынан жеңіліп қалды - ақырында біз 5 ұпай жоғалттық. Екінші айналымда ұпайларды мүлдем жоғалтпауды шештік - біз мұны жасадық.

- «Қайраттың» маусымдағы қай жетістігіне көңіліңіз толар еді?

- Біз УЕФА Чемпиондар лигасын үшінші рет ұтқымыз келеді. Әр маусым басталмас бұрын біз алдымызға Еуропаның үздігі болуды мақсат етіп қоямыз, бізде басқа ой жоқ. Біз бұл кубокты қайтадан жеңіп алу үшін барымызды салуға тырысамыз. Алайда, алдымен үздік сегіз клубқа ену керек. Бірақ мен өз командама сенемін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер