Басқа

Олимпиада: ХОК триатлоннан медаль санын арттырудан бас тартты

Олимпиада: ХОК триатлоннан медаль санын арттырудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасы жарыс бағдарламасы мен квоталар санын бекітті. Осы орайда, триатлоннан медальдар саны еш өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Париж Олимпиадасында әдеттегідей үш медаль жиынтығы сарапқа салынып, триатлоннан жалпы есебі 110 спортшы бақ сынайды.

«World Triathlon Халықаралық Олимпиада комитетіне өтініш жасап, триатлоннан квота санын арттыруды сұраған болатын. ХОК комиссиясы өткізген талқылаудан соң, әзірге мұндай қадамның мүмкін еместігі анықталды. Себебі, Париждегі Олимпиада ойындарында өзге спорт түрлерінен қатысатын атлеттер саны азайтылып жатыр. Десе де, 2024 жылғы дода бағдарламасында триатлоннан аралас эстафетаның бары бізді қуантады», - дейді World Triathlon президенті Марисоль Касадо.

Еске сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына ену үшін 40 өтініш келіп түскенін, бірақ оның бірде-бірі мақұлданбағанын хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер