Қысқы

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінің эстафеталық жарысын аяқтай алмады

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінің эстафеталық жарысын аяқтай алмады
news-banner7
mobile-news-top

12 желтоқсанда Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының 3-кезеңі аясында әйелдер арасында эстафета өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы шеңберлердің көп екеніне байланысты 3-кезеңде жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде, соңғы болып жүгіруі керек Алина Коломиец мәреге шыққан жоқ.

Эстафетада бірінші болып Елизавета Бельченко жарысты, ол өз кезеңінде көшбасшыдан 1 минут 25 секундқа қалып қойды. Дарья Климина +1:41.5 нәтижесін көрсетті.

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі. Эстафета. Әйелдер. 4х6 км

1. Норвегия (Каролине Кноттен, Ингрид Ланмарк Тандревольд, Тириль Экхофф, Марте Ульсбю-Ройселанн) – 1:08.04,3 (1+6)

2. Франция (Анаис Бескон, Жюлия Симон, Жюстин Брезаз, Анаис Шевалье) – 24,5 (0+16)

3. Швеция (Йоханна Скоттхайм, Линн Перссон, Ханна Оберг, Эльвира Карин Оберг) – 32,5 (1+9)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер