Күрес

Бүгін Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогы басталады

Бүгін Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогы басталады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогінің шымылдығы түріледі деп хабарлайды Olympic.kz.

Ғаламдық пандемияға байланысты күрестен халықаралық турнирлер ұйымдастыруға тыйым салынды.

Ал әлем чемпионатын толық құрамда өткізу биыл мүмкін емес. Себебі, көптеген мемлекеттер мен Латын Америкасы және Океания елдері әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа қатысудан бас тартты.

Сондықтан, Біріккен күрес әлемі (UWW) жарыс форматын өзгертіп, жекелеген әлем кубогін өткізуді жөн санаған. Мұндай шешімді UWW өкілдері 10 қарашада қабылдаған болатын.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық балуандар аталған сынға қатыспайды.

Әлем кубогін грек-рим күресінің шеберлері бастайды. "Классиктер" арасындағы финалдық бәсекелер 13-14 желтоқсанға жоспарланған.

Әйелдер күрсінен ақтық айқас 15-16 желтоқсанда, еркін күрестен финалдық сын 17-18 желтоқсан күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер