Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің финалы өтпейді

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің финалы өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан биылғы Гран-при турнирінің финалдық кезеңі өтпейтінін мәлімдеді.

Алғашында Гран-при бәсекесінің финалы 2020 жылдың 10-13 желтоқсаны аралығында Қытайда өтеді деп жоспарланған. Алайда, коронавирус індетіне байланысты Қытай тарапының қорытынды жарысты қабылдай алмайтыны белгілі болды.

Айта кетелік, биылғы маусымда Гран-при турнирі ғаламдық пандемияға байланысты ұлттық чемпионаттар сипатында ұйымдастырылды. Гран-при кезеңдері Мәскеуде (Ресей), Лас-Вегаста (АҚШ), Чунцинде (Қытай) және Осакада (Жапония) өтті.

COVID-19 салдарынан Франция мен Канададағы кезеңдер өткізілген жоқ. 2021 жылдың 22-28 наурызына жоспарланған Стокгольмдегі әлем чемпионатына қатысты әзірге нақты ақпар жоқ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер