Басқа

Түркістан облысында жекпе-жек спортын дамыту мәселелері талқыланды

news-banner7
mobile-news-top

Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов Сайрам және Төлеби аудандарына сапармен барды.

Спорт мектептерін аралаған қауымдастық басшысы облыс көлемінде Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту мен тәжірибелі жаттықтырушыларды жасақтау, оларға әдістемелік көмек көрсету мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында сондай-ақ, спортшылардың оқу-жаттығу шараларына қолдау білдіру мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі жарыстарға баруға жағдай жасау жайы талқыланды.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековпен жүздескен Дәурен Рахымұлы қауымдастықтың алдағы жоспарымен таныстырды. Өз кезегінде аудан әкімі жауынгерлік жекпе-жек түрін дамытуда атсалысуға дайын екенін атап өтсе, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев қауымдастық жұмысына әрдайым қолдау білдіретінін жеткізеді.

Қауымдастық басшысы сапары барысында Сайрамдағы кикбоксинг және Ленгір қаласында муайтай спортымен айналысатын спортшылармен жүздесті.

Айта кету керек, аталған қауымдастық құрамына 8 спорт түрі кіреді. Олардың қатарына «ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек»,«Ушу Кунг-фу», «Муайтай», «KARATE», «Таеквандо ITF», «Кикбоксинг», «Самбо күресі, «Панкратион және греплинг» (AIGA нұсқасы) федерациялары енген. Жалпы жауынгерлік өнер спортының дәрежесін көтеру бағытында тиісті жұмыстар әлі атқарылатын болады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер