Хоккей

Forbes Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат клубы анықтады

Forbes Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат клубы анықтады
news-banner7
mobile-news-top

Forbes журналының нұсқасы бойынша Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат клубы «Нью-Йорк Рейнджерс» деп танылды. Тиісті рейтинг аталмыш басылымның сайтында жарияланды.

Нью-Йорк клубының құны 1,65 млрд доллар деп бағаланып отыр. Сондай-ақ ҰХЛ-ның ең қымбат клубтарының бестігіне «Торонто» ($1,5 млрд), «Монреаль» ($1,34 млрд), «Чикаго» ($1,085 млрд) және «Бостон» ($1 млрд) енген. Лига кірісінің төрттен бір бөлігі осы командалардың үлесінде. Олар болмаса ҰХЛ 50 млн доллардан айырылатын еді. ҰХЛ-ның чемпионы «Тампа» рейтингтің 21-ші орнында ($470 млн). Тізімді 285 млрд долларға бағаланған «Аризона» (31-орын) түйіндеп тұр.

Жалпы пандемия салдарынан ҰХЛ клубының орташа бағасы 2%-ға, 653 млн долларға дейін азайған. Бұл 2001 жылдан бері тіркелген алғашқы құлдырау. 2019/20 жылғы маусымда лиганың тапқан табысы 4,4 млрд доллар болды, бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда 14%-ға аз.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер