Басқа

Садақ атудан Олимпиада ойындарының бағдарламасы өзгеріссіз қалды

Садақ атудан Олимпиада ойындарының бағдарламасы өзгеріссіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Садақ атудан олимпиада бағдарламасы өзгеріссіз қалды. Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті бекіткен құжатқа сәйкес, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында бес жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.

Садақ атудан ерлер мен әйелдер арасында жекелей сын, ерлер мен әйелдер арасында командалық сын және аралас командалық жарыстан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Келесі жылы Токиода алғаш рет аралас командалық сында медаль таратылады.

Ал садақ атудан командалық жарыс 1988 жылдан бері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Спортшыларға бөлінетін квота да өзгеріссіз қалды. Гендерлік теңдік сақталып, ерлерден 64, әйелдерден 64 спортшы бақ сынайды.

Бұл 1996 жылдан бері сақталып келе жатқан қағида, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы іріктеу турнирлерінің жарыс кестесі 2022 жылдың басында жарияланады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер