Грек-рим күресі

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Ақбұлақ" спорт кешенінде балуандар 4 желтоқсаннан бері шеберліктерін шыңдауда. Аталған жаттығу жиыны Қазақстан чемпионатынан кейін ұйымдастырылған алғашқы жиын болып саналады.

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстан чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған барлық спортшы шақырту алған. Қазіргі таңда барлығы 45 спортшы дайындықтарын пысықтауда. Ұлттық құрама мүшелерінен Мейрамбек Айнағұлов пен Ернар Фидахметов қана жаттығудан тыс қалған.

Айта кетерлігі, жылдың қорытынды оқу-жаттығу жиыны 22 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер