Басқа

Ералы Тоғжанов Алматыдағы туристік нысандарға барды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласының туристік объектілеріне барды.

«Kazakh Tourism «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс сапары барысында «Tenir» шаңғы және сноуборд мектебінің, сондай-ақ «SNEG» эко-қонақүйлер желісінің тұсаукесері болды. Делегация алдымен таулы курорттың ең төмен және ең биік нүктелерінде орналасқан екі жаңа туристік орталықта болды. Визит-орталықтарында қажетті құрал-жабдықтарды жалға алуға, кәдесыйлар мен ойын-сауық аттракциондарына, белсенді іс-шараларға билеттер сатып алуға және тау нұсқаушыларының қызметтерін пайдалануға болады.

«Визит орталықтарына келушілер алғашқы минуттан бастап өздеріне ғана емес, қоршаған ортаға да қамқорлық жасау керектігін түсінеді. Дәл осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, біз Шымбұлақ таулы курортында да осыған ұқсас тәсіл қолдануды ұсындық», - дейді «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов.

Әрі қарай, делегация курорттың 3200 м биіктікте орналасқан ең биік нүктесінде, Іле Алатауының тауларымен қоршалған және әлемдегі жетінші биіктікте орналасқан «Теңірді» аралады.

Кешеннің өзі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және 30 төсекке арналған 10 экоүйден тұрады. Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов сапар барысында шаңғы және сноуборд мектебінің балаларымен және нұсқаушыларымен әңгімелесті. Өткен жылы тау курорты кешенінде қалалық әкімдіктің қолдауымен 1200-ден астам бала ақысыз жаттыққан.

Сондай-ақ, жыл сайын белсенді демалыс түрлеріне, атап айтқанда ұзақ отбасылық демалыстарға қызығушылық артып келе жатқандығын атап өткен жөн.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер