Басқа

Тәжірибелі гимнастшылар мансабын аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Ербол Жантықов пен Аким Мусаев спортпен қош айтысты. Бұл туралы команда бас бапкері Александр Ким мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, командадағы тәжірибелі екі спортшы - Аким Мусаев пен Ербол Жантықов спортпен қош айтысты. Бүгінде біз олардың орнына жаңа спортшыларды қабылдап жатырмыз. Жаттығу жиындарына жас әрі талантты гимнастарды шақырдық. Олар алдағы лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын болады", - деді бас бапкер.

Айта кетелік, Аким Мусаев 2018 жылы Хорватияда өткен әлем кубогі кезеңінде гимнастикалық ат снаряды бойынша күміс жүлде иеленген, сондай-ақ, ел чемпионаты мен Спартакиадасында бірнеше рет жеңімпаз атанған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер