Еркін күрес

Нұрлан Бекжанов: Олимпиадаға кім баратыны туралы анық ештеңе айта алмаймын

Нұрлан Бекжанов: Олимпиадаға кім баратыны туралы анық ештеңе айта алмаймын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен әлем чемпионатының жүлдегері, биылғы Қазақстан біріншілігінің қола медаль иегері Нұрлан Бекжанов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді.

Тәжірибелі балуан елішілік жарыста жастардың үлкен бәсекелестік тудырғанын алға тартып, олардың болашағына үмітпен қарайтынын айтты.

"Қазақстан чемпионатындағы өз күресіме көңілім толмайды. 100 пайыз мүмкіндігімнің 30 пайызын ғана көрсете алдым. Бірінші белдесуде жарақат алғаным да біраз қиындық тудырды. Ал жалпы турнирге келер болсам, чемпионат індетке қарамастан жоғары деңгейде өтті.

Мені талантты жастардың көбейгені қуантып отыр. Біздің ізімізді басып, мықты балуандар өсіп келеді. Бұл елдегі еркін күрестің біраз алға басқанының көрінісі. 74 келіде Олимпиада лицензиясы бар екенін білесіздер.

Бірақ Токиоға нақты кім барады деген сұраққа жауап бере алмаймын. Данияр Қайсанов осы чемпионатта жарақат алды. Қазір нағыз бабында тұрған Нұрғожа Қайпанов қана. Бәрін уақыт көрсетеді", - дейді Нұрлан Бекжанов.

Айта кетелік, 74 келіде белдескен Нұрлан Бекжанов құрамадағы үздік балуандардың бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер