Халықаралық хоккей федерациясының басшысы коронавирус жұқтырды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХалықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) президенті Рене Фазель коронавируспен ауырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru-ға сілтеме жасап.
Осы себептен оның 2021 жылғы әлем чемпионаты талқыланатын Минскке сапары тоқтатылды.
Фазельмен бірге бас хатшы Хорст Лихтнер де ауру жұқтырған. Енді екеуі де он күн өздерін оқшаулайды.