Футзал

Қазақстан құрамасы сапында қандай өзгерістер болды?

Қазақстан құрамасы сапында қандай өзгерістер болды?
news-banner7
mobile-news-top

Рикардо Кака шәкірттерінің ойын алдындағы оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Kff.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропа чемпионатының жаңа іріктеу кезеңіндегі жерлестеріміздің дебюттік кездесуі өтеді. Қазақстан құрамасы Венгрияны қабылдайды.

Қорғаушы Дуглас Негрейрос кеше Қазақстан құрамасының лагеріне келді. Негізгі қақпашы Игита құрама қатарына ертең қосылады.

Екі ойыншы да клуб дәрігерлерінің қарауында болды және жарақаттан емеделді.

Тайнан Рего Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды. Португалиялық «Спортинг» сапында жарақаттанып қалды.

Бұған дейін қорғаушы Қайрат Иманалин мен шабуылшы Леонардо Мендонка құрама ойындарына қатыса алмайтыны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер