Бокс

Камил Шеремета Головкинмен жекпе-жек алдында екі рет допингке тексерілді

Камил Шеремета Головкинмен жекпе-жек алдында екі рет допингке тексерілді
news-banner7
mobile-news-top

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5КО) Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35КО) жекпе-жек алдында тыйым салынған заттарға екі рет сынама тапсырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, боксшылар 18 желтоқсан күні Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) жұдырықтасады. Бәске Головкиннің иелігіндегі орта салмақтың IBF, IBO белбеулері тігіледі.

«Кеше таңғы жетіде олар Белостокқа келіп, допинг сынамасын алды да ,«ертең кездескенше» деді. Бүгін мен тағы да 6:50-де тұрамын, бірақ бұл жолы Варшавада. Олар тағы да допинг-тест алады. Олардың спортты лас әрекеттерден тазартқаны қуантады», - деп жазды Шеремета Facebook парақшасында.

Еске сала кетелік, жақында ғана Камилдің клубтастары коронавирус жұқтырып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер