Басқа

NAMYS жобасы: Айдос Ербосынұлы мен Абылайхан Құсайынов Қарасай ауданының жастарымен кездесті

NAMYS жобасы: Айдос Ербосынұлы мен Абылайхан Құсайынов Қарасай ауданының жастарымен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Абылайхан Құсайынов Қарасай ауданында Алматы облысының әкімшілігі және UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен «Намыс» жобасы аясында жергілікті жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жобаның мақсаты — жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Спортшылардың жастармен кездесуі үш кезеңге бөлінді: еркін әңгіме, шеберлік-сағаты және қолтанба-сессия. Карантинге байланысты 100-ге жуық адам ғана қатыса алды.

«Алматы облысының әкімдігі «Намыс» атты жобаны қолға алды. Сол кісілердің арқасында біраз аудандарда шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Бүгін Қарасай ауданының жастарымен кездесіп, біз-білетін әдіс-тәсілдермен бөлістік. Сөйлесіп, сұхбаттасып, жақсы уақыт өткіздік. Осы орайда Алматы облысының әкімдігіне алғыс айтқым келеді», — деді Айдос Ербосынұлы.

Аталмыш іс-шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және UNDERDOG спорт агенттігі ұйымдастырды.

NAMYS жобасы: Қайрат Ахметов пен Евгений Егембердиев Іле ауданының жастарына шеберлік сағатын өткізді

NAMYS жобасы: Асылжан Бақытжанұлы Талғар ауданының жастарына шеберлік сағатын өткізді

NAMYS жобасы: Исмағұлов пен Алмабаев Еңбекшіқазақ ауданының жастарымен кездесті

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер