Грек-рим күресі

Әлімхан Сыздықов: Аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарына жолдама алғым келеді

Әлімхан Сыздықов: Аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарына жолдама алғым келеді
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атанған Әлімхан Сыздықов ҰОК сайтына сұхбат берді. Балуан өзінің жаңа салмағында алғаш рет топ жарғанын айтып, қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

«130 келіге дейінгі салмақта бірінші рет ресми жарыстарда белдесіп, чемпион атандым. Қуанышымда шек жоқ. Бұған дейін 97 келіде күресетінмін. Бірақ бұл салмақта 8-9, кей кездері 11 келіге дейін салмақ қуып, екі сағаттан соң кілемге шығып жүрдім.

Шыны керек, бұл менің ағзама оңай тиген жоқ. Карантин кезінде салмағым біраз өсті де, алыптар арасында бақ сынау туралы шешім қабылдадым. Екі салмақта да өзімді жайлы сезінемін. Алайда, 97 келіде халықаралық турнирлерді ұту қиын. Өйткені, көп салмақ қуған соң, қарсыластарға күшім қалмайды. Ендігі мақсатым – 130 келіде Олимпиадаға жолдама алып, Токио ойындарында ел намысын қорғау», - дейді Әлімхан.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер