Жеңіл атлетика

World Athletics жылдың үздік атлеттерін марапаттады

World Athletics жылдың үздік атлеттерін марапаттады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (World Athletics) 2020 жылдың үздік атлеттерін анықтады.

Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Ерлер арасында сырықпен секіруден әлем рекордшысы, швециялық Арман Дюплантис үздік деп танылды. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі осы спорт түрінен 21 жыл сақталған рекордты жаңартушы.

Ал әйелдер арасында үш қарғып секіруден әлемдік рекордты жаңартушы (15,43), венесуэлалық Юлимар Рохас жыл спортшысы атанды. Ол екі әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған.

World Athletics 1988 жылдан бері жылдың үздік спортшыларын марапаттап келеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер