Футзал

Игита алдағы матчта Қазақстан құрамасына көмектесе ала ма

Игита алдағы матчта Қазақстан құрамасына көмектесе ала ма
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Лео Игитаның денсаулығы сыр берді. Біз әлемнің үздік қақпашысымен хабарласып, хал-жағдайын білдік.

– Лео, денсаулығыңыз қалай?

– Өзімді нашар сезініп жүрмін. Коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсырдым. Жоқ екен. Қазір емделуге «Қайраттың» дәрігері көмектесіп жатыр.

– Венгрияға қарсы матчта алаңға шыға аласыз ба?

– Бүгін жағдайым жақсарып қалды. Ертең бұдан да жақсы боламын деген сенімдемін. Сол себепті құрамаға көмектесе аламын. Әрине, толық жазылдым деп айта алмаймын. Бірақ Қазақстан құрамасының жейдесінде алаңға шыққанда бәрін ұмытып, жігерлене түсемін.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер