Футзал

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қызу дайындық жүргізуде. Рикардо Кака шәкірттері қазіргі таңда елордада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, қазақстандық футзалшылар 9 желтоқсанда Венгрия құрамасын қабылдайды. Бас бапкер Рикардо Кака́ командасының оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтеді. Венгриямен кездесу Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Оқу-жаттығу жиынының алғашқы күніне команда толық жиналмады. Қалған ойыншылар ертеңге дейін қатарға қосылмақ.

Қақпашы Игита мен қорғаушы Дуглас бұрынғы жарақаттарынан кейін алып жатқан емін аяқтап қалды. Лиссабонның «Спортинг» клубының шабуылшысы Тайнан команданың қатарына ойын қарсаңында қосылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер