Командалық

AVC волейболдан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты болмайтынын мәлімдеді

AVC волейболдан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты болмайтынын мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Азия волейбол конфедерациясы (AVC) 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларына жоспарланған жасөспірімдер мен жастар командалары арасындағы барлық әлем чемпионатын ресми түрде өтпейтінін мәлімдеді.

2021 жылғы әлем чемпионатында Азия аймағын Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) рейтингі бойынша ұлттық құрамалар қатысады. Осылайша, Қытай, Жапония, Тайланд және Оңтүстік Корея 2021 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.

19 жасқа дейінгі ерлер командалары арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатына Жапония, Оңтүстік Корея, Иран және Тайбэй қатысады. 20 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасындағы 2021 жылғы әлем біріншілігінде Жапония мен Қытай, ал 21 жасқа дейінгі ерлер командалары арасындағы біріншілікке Иран мен Оңтүстік Корея құрамалары бақ сынайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер