Хоккей

«Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды

«Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 4 желтоқсанда, елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдады.

Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын көрсетті. Елордалық хоккейшілер ойн бастала салысымен алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде 8-минутта «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев есеп ашты. Ресейлік команда бірінші кезеңде шабуылға шықты. Десе де таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде қос команда да бір-бір шайбадан соқты. Ойынның 27-минутында «Локомотив» хоккейшісі Георгий Иванов таразы басын теңестірді. Ал 37-минутта елордалық Мэтт Фрэттин қайтадан «Барысты» алға шығарды. Елордалық Линус Виддель 59-минутта бос тұрған қақпаға гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Айта кетелік, 10 қарашада елордалық клуб аталған қарсыласынан 2:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол жолы кеткен есені «Барыс» бүгін қайтарды. Енді «Барыс» 6 желтоқсанда Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасын қабылдайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер