Қысқы

Бейжіңдегі шаңғы жарыстарынан әлем кубоктары өткізілмейді

Бейжіңдегі шаңғы жарыстарынан әлем кубоктары өткізілмейді
news-banner7
mobile-news-top

2022 жылғы Олимпиада қарсаңында шаңғы жарыстарынан Пекинде өтетін барлық сынақ жарыстары коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейді, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru-ға сілтеме жасап.

Шешімді Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) мен 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қабылдады.

«Біз осы маусымда Қытайда сынақ іс-шарасын өткіземіз деп үміттенген едік. Бірақ қазіргі COVID-19 вирусының екінші толқынысалдары қатаң шектеулерге әкеліп, халықаралық жарыстарды өткізу мүмкін болмады.

Бұл қиын шешім, бірақ Бейжің-2022 командасы жоғары дайындығының арқасында біз барлық нысан 2022 жылғы ақпандағы Ойындар уақытына дейін дайын болатынына сенеміз», - деді FIS президенті Джанфранко Каспер.

Еске сала кетейік, 2020/21 маусымда Пекинде шаңғы трамплині (10-14 ақпан), биатлон (12-14 ақпан), тау шаңғысы (24-28 ақпан) және шаңғы жарысы (19 ақпан) бойынша Әлем кубогы кезеңдері (21 наурыз), сондай-ақ фристайл мен сноубордтан әлем чемпионаты (18-28 ақпан) өтуге тиіс болатын. Жарыс тестілік олимпиадалық старт мәртебесіне ие болды.

FIS жарыстарды өткізетін басқа орын қарастырмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер