Басқа

Олимпиада чемпиондары гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға қатысты

Олимпиада чемпиондары гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға қатысты
news-banner7
mobile-news-top

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан мен әлемде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтіп жатыр. Аталған шараға қазақстандық спортшылар, Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландин де қатысты деп жазады Prosports.kz. ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Кез келген зорлық-зомбылық қоғам тарапынан жазасыз қалмауы тиіс. Алайда, ең тиімді әдістердің бірі – зорлықтың алдын алу. Сондықтан, әлеуметтік желілерде мұндай кампаниялар жүргізу өте маңызды. Гендерлік зорлық-зомбылық туралы бұрын айтуға болмайтын. Бірақ бұдан мәселе шешілген жоқ. Сол себепті, мен гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» халықаралы акциясына қатысамын деп шештім. Өйткені, бұл қоғамдағы әрбір саналы адамның міндеті деп ойлаймын. Бұл - біздің қоғамдағы проблема. Ал мұны бірлесіп шешпей, әр адамның ғана еншісіне қалдыратын болсақ, мәселе сол күйінде қалады. Бірлесіп жұмыс істеп, қоғам мүшелерінің санасын көтеру арқылы біз проблеманың шешілуіне әсер етеміз», - деп жазды Дмитрий Баландин.

Халықаралық акцияға қатысты Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да өз ойын айтты.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа тап болған адам қорқынышпен өмір сүреді. Сондай-ақ, ешкім көрмесе, білмесе, сынамаса деген оймен үнемі тығылып қалуға мәжбүр. Олар көмек беретін адамды табуға да тырыспайды. Сол себепті, аталған проблеманы көтеріп, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы шығып, онымен күресу керек және зорлық құрбандарына қалай кұресу қажеттігін, қайда хабарласу керектігін айтуға тиіспіз. Зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әрбір адам өзінің жалғыз еместігін сезінуі керек», - дейді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер