Басқа

Бадминтоннан Қазақстан командасы Түркістан облысында жаттығады

Бадминтоннан Қазақстан командасы Түркістан облысында жаттығады
news-banner7
mobile-news-top

Бадминтоннан Қазақстан командасы көптен күткен оқу-жаттығу жиындарына кіріседі. Команда мүшелері 14-29 желтоқсан аралығында Түркістан облысындағы «Алматау» базасында бас қосады.

Бас бапкер Асқар Ормановтың айтуынша, жиынға команда үздіктері тегіс шақырылады.

«Жаттығу жиынына 20 спортшы қатысады деген жоспар бар. Бұл біздің ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы басқосуымыз болмақ. Ал келесі жылы індеттің беті бері қарап, қалыпты түрде жарысқа қатысамыз деген үміттеміз. Халықаралық турнирлер күнтізбесі де жаңаратын шығар. Келесі жылдың басты жаңалығы – бадминтоннан ұлттық спорттық базаның ашылуы екенін айтқым келеді. Бұл біздің спортымыздың дамуына үлкен серпін берері сөзсіз», - дейді Орманов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер