Әлем футболы

Ресейлік БАҚ Зайнутдиновті «Вольфсбергке» қарсы ойынның үздігі деп таныды

Ресейлік БАҚ Зайнутдиновті «Вольфсбергке» қарсы ойынның үздігі деп таныды
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеулік ЦСКА Австрияның «Вольфсберг» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік Soccer365.ru басылымы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтің осы ойындағы бейнесіне оң баға берді.

«Матчтың үздік ойыншысы - Зайнутдинов. Алғашында ЦСКА жанкүйерлері бұл трансферді бағаламады, бірақ енді олар Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысына көбірек үміт артады. Бахтиер оң жақтағы қорғаныста да ойнап жүр, ол жан-жақты ойыншы. Бірақ ол оң жақта ойнағанына қарамастан, алаңның әр тұсында атой салды. Оң жақтан шабуылға шықты, сол қапталдан да шабуылдады (бір мәрте пенальти ала жаздады). Шабуылмен қатар қорғанысты да ұмытқан жоқ, матчтың басында ол «Вольсбергтің» қауіпті шабуылын тоқтатып, өз командасының шабуылын бастады. Жалпы, бұл ойында қазақстандық жақсы өнер көрсетті», - делінген мақалада.

Айта кетейік, ЦСКА – «Вольфсберг» матчында Бахтиер Зайнутдинов алаңда 90 минут өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер