Хоккей

«Барыс» – «Локомотив» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» – «Локомотив» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 4 желтоқсанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында Ярославльдің «Локомотив» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» стадионында көрерменсіз өтеді.

Биылғы маусымда тұрақсыз өнер көрсетіп жүрген «Барыс» осының алдындағы екі ойында жеңіске жетіп («Спартакты» 2:1 және «Сочиді» 2:0), көшін сәл түзегендей болды.

Бірақ «Локомотив» те қазақ жеріне көтеріңкі көңіл күймен келіп отыр. Олар да өз айдынында өткен соңғы екі ойында жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Локомотивті» елордалық клубтың бұрынғы бас бапкері Андрей Скабелка жаттықтырады.

«Барыс» – «Локомотив» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер