Әлем футболы

Мадридтің «Реалы» Зиданға қандай жағдайда клубтан қуылатынын хабарлады

Мадридтің «Реалы» Зиданға қандай жағдайда клубтан қуылатынын хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан корольдік клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтпесе, қызметінен босатылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты СОРЕ таратты.

Сонымен, француз маманының болашағы Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» өтетін 6-тур матчына байланысты. «Реал» 1/8 финалға шығу үшін тек жеңіске жетуі керек, бірақ параллель матчта «Шахтер» «Интерден» ұтылса, тең ойын жеткілікті болуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Реалдың» Испания чемпионатындағы жағдайы да ойдағыдай емес. Мадридтіктер 10 матчтан кейін турнир кестесінде 10-орында тұр, көш басындағы «Реал Сосьедад» жеті ұпай алда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер