Әлем футболы

Исламбек Қуаттың бапкері РПЛ-дың қарашадағы үздігі болып танылды

Исламбек Қуаттың бапкері РПЛ-дың қарашадағы үздігі болып танылды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей премьер-лигасы «Химки» бапкері Игорь Черевченконы қараша айындағы үздік бапкер деп таныды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Браво, бапкер! Игорь Черевченко - РПЛ-дың қарашадағы үздігі. «Химкидің» бас бапкерін жанкүйерлер, Ресей премьер-лигасының және Match Premier арнасының сарапшылары бірауыздан таңдады», деп жазады клуб.
Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуат «Химкиде» ойнайды. Ол Ресей чемпионатының осы маусымында командасының құрамында бес кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер