Хоккей

Допты хоккей: «Ақжайық» Ресей чемпионатына қатыспайды

Допты хоккей: «Ақжайық» Ресей чемпионатына қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індетіне байланысты Оралдың «Ақжайығы» допты хоккейден Ресей чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батысқазақстандықтар жылда жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста бақ сынап жүрген.

«Ақжайық» спорт клубының директоры Мерей Қанибетовтің мәлім еткеніндей, биыл індетке байланысты хоккейшілердің де шетелге шығуына тыйым салынды.

Осылайша 1976 жылы құрылған «Ақжайық» командасы биылғы Ресей біріншілігінен тыс қалып отыр.

«Қазіргі таңда оралдық бапкер Николай Шавалдиннің шәкірттері Ақтөбе қаласында оқу-жаттығу жиынында жүр. Биыл күзде өтуі тиіс допты хоккейден әлем чемпионаты да кейінге қалдырылды. Бәлкім, жағдай түзелсе, «Ақжайық» жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық кезеңіне барып қалар. Осы бағытта Ресей допты хоккей федерациясымен сөйлесіп жатырмыз. Сондай-ақ барлық жас ерекшеліктеріне қарай Қазақстан чемпионатын да өткізу жоспарлануда. Мұның бәрі індеттің қалай өрбитініне байланысты», - деді Мерей Қанибетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер