Футзал

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылардың тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылардың тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 желтоқсан күні біздің ойыншылар өз алаңында Венгрия құрамасын қабылдайды.

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт кешеніде өтеді.

Оқу-жаттығу жиыны ертең елорда спорт кешенінде басталады.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Леонардо де Мело Виейра Лейте «Игита»Қайрат»), Александр Гуров («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дуглас да Силва Негрейрос (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де - «Жетісу»), Тайнан да Силва Рего («Спортинг», Португалия), Виктор Клинов («Бәйтерек»), Болат Сарбасов («Атырау»), Ринат Төреғазин («Ақтөбе»).

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Нұрәлем Байдолла («Жетісу»);

Алаңдағы ойыншылар: Жомарт Тоқаев, Жақсылық Амандосов (екеуі де - «Атырау»), Нұрсұлтан Пиялы («Қайрат»), Тимур Балтабаев, Бекет Парух (екеуі де - «Жетісу»), Батырхан Имашев («Нұр-Сұлтан»), Төрехан Досов («Бәйтерек»).

Жаттықтырушылар штабы: Пауло Рикардо Фигуэра Силва («Кака́») – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера - физиотерапевт, Нұрлан Битүгілов - дәрігер, Қайратәли Күнходжаев - массажист, Азамат Жакудин - менеджер, Азат Қожахметов - кит-менеджер, Уәлихан Байтақов - матч-менеджер, Мұратбек Биманов - медиа-офицер, Владимир Фрайнд - видеооператор.

Екі ойыншы жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына келе алмайды. Олар «Ақтөбе» ойыншысы Қайрат Иманалин мен Ресейдің «Норильский никель» командасында ойнайтын Леонардо Мендонка Да Роса «Лео».

ФУТЗАЛ / ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ / ІРІКТЕУ

ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ / VТОП

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫН КЕСТЕСІ

09.12.2020 Қазақстан – Венгрия

28.01.2021 Израиль – Қазақстан

02.03.2021 Қазақстан – Беларусь

08.03.2021 Беларусь – Қазақстан

06.04.2021 Венгрия – Қазақстан

13.04.2021 Қазақстан – Израиль

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының топтық іріктеу кезеңінің ойындары 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір аралығында өтеді.

Іріктеу тобының сегіз жеңімпазы мен екінші орын алған алты үздік команда Нидерланд елінде финалдық кезеңге жолдама алады.

Соңғы жолдаманы 2021 жылдың қарашасында екінші орын иеленген қалған екі команда өзара сарапқа салады.

Құрлық біріншілігі 2022 жылдың 9 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер