Бокс

Сұлтан Зәуірбектің келесі кездесуі қашан өтеді

Сұлтан Зәуірбектің келесі кездесуі қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілмеген қазақстандық боксшы, екінші жеңіл салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Заурбектің (9-0, 7 КО) шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Сұлтанның оныншы жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Алматыда өтетін бокс кешінде Сұлтан 22 жастағы украиналық Владислав Мельникпен (12-2, 17 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, жерлесіміз 11 қарашада Англияда өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Джефф Офоримен (10-3-1, 3 КО) кездесуі керек еді. Алайда британиялықтың жарақатына байланысты жекпе-жек өтпеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер